Дәулет Маханбеталиев республикалық Beyond Olympіad онлайн олимпиадасының жүлдегері атанды

 
Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Дәулет Маханбеталиев республикалық Beyond онлайн олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Түркістандық зияткерді дүбірлі додаға дайындауда мектебіміздің география пәні мұғалімі Серік Жолдасов жетекшілік етті.
Beyond Olympiad онлайн олимпиадасы – жоғары дәрежелі халықаралық, республикалық білім додаларының алдындағы баспалдағы саналады. Сайыста 7-12 сынып арасындағы оқушылар 5 пән бойынша (химия, математика, физика, география, биология) халықаралық олимпиадалар негізіндегі тапсырмаларды онлайн орындайды.
География пәні бойынша 10-12 сыныптар арасында өткен білім додасына қатысқан зияткер Дәулет бұған дейінде NIS желісіндегі республикалық пәндік олимпиадаларда бақ сынап, жоғары нәтижелер көрсеткен.