Интернат школы

ОБЩЕЖИТИЕ

Жатақхана — жанға жайлы тəтті үйің

132 орынға арналған жатақханада 30 жатын бөлмелері, әр бөлмеде арнайы жабдықталған 4  төсек орын, жуу бөлмелері мен қабылдау бөлмелері бар.Сіздерге жатақхана жайлы нақтырақ ақпарат беріп өтсем.

Болашақта еліміздің мәңгілік ел болуына сүбелі үлес қосатын білімді оқушыларымыз облыстың түрлі аудандары мен ауылдарынан шоғырланған. Шалғай аудандардан келген оқушылар жатақханаға орналасады.

Жатақхананың материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай толық жабдықталған. Әр бөлмеде 4 оқушыға арналған кереует, кітап қоятын сөре, киім салатын шкаф, стол, жуынатын бөлме бар. Бөлмелердің төсек-жайы, терезе пердесі, қабырғада ілінген суреті-барлығы бір-бірімен сәнді әрі үйлесімді жасалған.

Жатын бөлмесінен басқа демалыс бөлігі, сабақ дайындайтын бөлік және гигиеналық бөлмелер қарастырылған.