Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!
 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024-2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.
Құжат қабылдау 2024 жылдың 8 қаңтарынан бастап ақпанның 10-на дейін жүргізіледі. Кешенді тесттер 2024 жылғы 28-29 наурыз күндері өтеді. Зияткерлік мектептерге оқушыларды қабылдау үшін халықаралық стандарттарға сай және барлық үміткерлер үшін объективтілікті, әділеттілік пен теңдік қағидасын қамтитын конкурстық іріктеу жүйесі қолданылады.

Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына қабылдау мақсатында конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткердің заңды өкілі келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;

2) Сауалнама;

3) Үміткердің туу туралы куәлігі, үміткердің ЖСН-і, үміткердің жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі.

Қажет болған жағдайда қабылдау комиссиясының талабы бойынша заңды өкілдер үміткердің азаматтығын растайтын құжатты ұсынуы міндетті.

4) Үміткердің 6-сыныптың бірінші жартыжылдықтағы табелінің көшірмесі. Табель тиісті білім беру ұйымы басшысының қолымен расталып, мөрімен бекітілуі қажет.

Орта білім беру ұйымдарының 7– сыныбын толық аяқтаған үміткерлерге Зияткерлік мектептің осы сыныбына қайта оқу үшін үміткерлік құқығы берілмейді. Бұған білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының білім беру сыныптарынан айырмашылығы бар шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептердің оқушылары кірмейді;

5) Бағалау шкаласы мен білім беру бағдарламасында Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарының бағалау шкаласынан және бағдарламасынан айырмашылығы бар шетелдік білім беру ұйымдары немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер үлгерімі туралы табельге (бағалау транскрипті) қоса оқитын мектебінің бағалау шкалалары мен бағдарлама мазмұны түсіндірілген хатын тіркейді;

6) көлемі 3х4 см. үміткердің 1 МБ (мегабайт) аспайтын графикалық файл түріндегі цифрлық фотосуреті немесе құжаттарды тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында үміткердің фототүсірілімін орындау.

Фотосурет қатаң түрде ашық фонда толық көлемде орындалады, бейтарап бет әлпеті және аузы жабық, онда бет фотосуреттің жалпы көлемінің 75% құрайды. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді. Суретке түсіру кезінде бас киімдер мен көзілдіріктерге жол берілмейді. Көздер ашық, айқын көрінеді және шашпен жабылмайды. Фотосуреттің көлемі кемінде 450 х 600 пиксель, ажыратымдылығы кемінде 600 пиксель/дюйм (dpi) болуы тиіс.

Барлық құжаттар пластикалық папкаға тігіліп тапсырылады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз:

1) құжаттар бекітілген мерзімнен кеш берілсе;

2) құжаттар тізімі толық болмаса;

3) үміткердің заңды өкілі атынан берілген сенімхатсыз құжаттарды үшінші тұлға тапсырса.

Зияткерлік мектептерге оқушыларды конкурстық іріктеудің қолданыстағы жүйесінің тиімділігі валидациялық зерттеулермен (2016, 2020 жылдар) және 2022 жылы сараптама және сертификаттау зерттеу орталығының (RCEC, Нидерланд) халықаралық аккредитациясынан табысты өтуімен расталды.
Конкурстың қорытындысы негізінде «Өркен» білім беру гранты нақты мектептерге бөлінген гранттарға сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау және тілдік тестілеуден неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге сәйкес тағайындалады.
 
Гранттарды тағайындау кезінде келесі көрсеткіштерді басшылыққа алынады:
 · оқыту тілдеріне сәйкес кешенді тестілеу нәтижесінде неғұрлым жоғары жалпы балл жинағандар саны;
· мектептердің жобалық сыйымдылығы.
Назарбаев Зияткерлік мектептеріне қабылдауға үміткерлерді дайындау мақсатында ДББҰ келесі жобаларды жүзеге асырады:
· 5, 6 – шы сынып оқушылары үшін Виртуалдық мектеп (онлайн, ақысыз);
· Виртуалдық мектептің қорытынды тестілеуінен өткен оқушылар үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында өтетін Каникулярлық мектеп (ақысыз);
· www.academia.kz сайтындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге қалай дайындалуға және өз мүмкіндіктерін бағалауға болады» онлайн оқыту курсы (ақылы);
· Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында оқушыларды конкурстық іріктеуге байқау тестілеуі (ақылы).
Жобалар туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz сайтында «Үміткерлер» бөлімінен алуға болады. Бұл курстардан өту Зияткерлік мектептерге түсуге кепілдік бермейді.
 
Телефон:
8(702) 241 82 42
Электронная почта:
info@trk.nis.edu.kz
Наше местоположение:
Туркестан, микрорайон Жаңа қала, улица 32, 13