Шахматтан мектепішілік іріктеу турнирі басталды

♟ Шахматтан мектепішілік іріктеу турнирі басталды
Зияткерлік оқу ордасында ақыл-ой жарысы шахмат ойынынан оқушылар арасында мектепішілік іріктеу турнирі басталды. Турнирдің бірінші санаты 7-9 сыныптар арасында өткен болатын.
Жарыста мектептің география пәні мұғалімі Ерлан Сейтов пен өткен оқу жылының қорытындысы бойынша шахматтан мектепішілік ойындарда үздік нәтиже көрсеткен зияткерлер Альбина Лесова мен Нұрахмет Тұрсынхан төрелік етті.
Айта кетейік, мектепішілік іріктеу турнирінде топ жарған оқушылар шахмат ойынының желілік кезеңіне жолдама алады.