Түркістандық зияткерлерге аттестат табысталды

Рухани астана төріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушыларына салтанатты түрде аттестат табысталды. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 10 сыныпты 66 бала аяқтаған болатын. Оның ішінде 2 оқушы үздік бағаға бітіріп, зияткерлер сыртқы жиындық бағалау сынағынан жақсы нәтиже көрсете алды.
Айта кетейік, аттестат табысталған зияткерлер Түркістандағы NIS тарихындағы алғашқы түлектер ретінде есте қалады. Осы тұста мектеп директоры Айдын Түсіпжанов салтанатты жиында оқушыларға артылар үміт пен сенімнің жоғары екенін жеткізді.
— Түркістандағы NIS-тің алғашқы түлектері ретінде сіздерге артылар үміт пен сенім жоғары екенін жеткізгім келеді. Сіздер салып кеткен жетістіктер жолы мектеп тарихында алғашқы белестердің бірі болып саналмақ. Сол себептен алдағы екі жылды табысты жоспарлау сіздерге артылар ең үлкен міндет. Болашақта Түркістан тарихын түлеткен зияткерлер ретінде биік шыңдардан көріне беріңіздер! — деп, 11 сынып оқушыларына үлкен сенім білдірді.