"Жаңа жолдау – жаңа міндеттер​"

Жыл сайынғы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы ел президентінің халыққа жолдауымен басталады. Осы тұста Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.
Мәжіліс залындағы отырыста мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бақытжан Дүкенбай жолдауда басымдық берілген бағыттарға байланысты баяндама жасады. Мемлекет басшысы жолдауда білім саласына қатысты қамқорлықтың едәуір артқанын жеткізді. Сондай-ақ, білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ең басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осы орайда мектептің ұстаздар қауымы жолдауды жүзеге асыруды өздеріне берілген жауапты міндет деп қабылдады. Сонымен қатар заманауи білім беру стандарттары туралы ұстаздардың ой-пікірлері ортаға салынды.
Ұстаздар қауымы бас қосқан алқалы жиында ел президенті халыққа арнаған жолдауында айтылған межелерді орындауда ұжым болып бірлесе атсалысуды мақсат қойды.