«KiVa буллингке қарсы бағдарламасы» аясында семинар-тренинг 4 күн

🌱Тамыздың 13-16 аралығында “KiVa буллингке қарсы бағдарламасы” аясында өткен аймақтық тренинг-семинары аяқталды.

🌱🔎Тренингтің 4️⃣-күнінде тренингалды сергіту жаттығуларынан бастау алып, бағдарламаның сапалы енгізу және тұрақтылығын қамтамасыз ету, KiVa Intranet-ті пайдалану, KiVa бағдарламасын енгізу жолында кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары талқыланды.

🌱✨Тренингтың қорытынды кезеңінде тыңдаушылар топтарға бөлініп, постер сессия барысында 4️⃣ күн бойы жинақтаған білімдеріне сәйкес, әр түрлі проблемалық сұрақтарды шешіп, қызу талқыға қатысып, ұсыныстарын білдірді және KiVa буллингке қарсы бағдарламасының” мектеп тренерлері болып танылып, сертификаттармен марапатталды.

🌱Түркістан облысының әр түрлі аймақтарынан жиналған педагог мамандарға тренингтерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз және жаңа оқу жылында оқушылар үшін жайлы және қауіпсіз орта құру жолында сарқылсас күш-қуат тілейміз🙌