🌱Педагогикалық кеңес отырысы өтті

Бүгін Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2023-2024 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес отырысы өтті.

Жаңа оқу жылына жоспарлар талқыланған басқосуда ең алдымен 2022-2023 оқу жылындағы оқу процесінің қорытынды нәтижелері туралы айтылды. Алқалы жиында өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктерге көз жүгірте отырып, онымен қоса олқылықтарда талқыланды. Осы тұста мектеп директоры Айдын Түсіпжанов өткен оқу жылында кеткен қателіктерді болдырмау шараларын ұсынып, ұстаздар қауымына биылғы оқу процесіндегі өзгерістерді мәлімдеді.

Сондай-ақ, кеңесте 2023-2024 оқу жылында тәрбие жұмысы мен жатақхана жұмысының ұйымдастырылуы және енгізілген өзгерістер туралы баяндалды. Басқосу барысында CIS халықаралық аккредитацияны өткізу бойынша жоспар ұстаздар қауымына таныстырылды.

Сонымен қатар Түркістандағы NIS ұжымына
жаңадан қосылған ұстаздар да таныстырылып, жаңа оқу жылында Зияткерлік оқу ордасы жас педагог мамандармен толықты.

Кеңес соңында мектеп басшысы оқу ордасында өткен Зияткерлік мектептердің тамыз конференциясында пәндік секциялар жұмысына белсене қатысып, үздік тәжірибелерімен бөліскен мектеп ұстаздарын Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин атынан берілген алғыс хаттарымен марапаттады.