Жас өрендерді бірлікке жетелеген teambuilding

Жас өрендерді бірлікке жетелеген teambuilding

 

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Мектеп ұжымы мен жас зияткерлер де алғашқы қоңырау соғылар сәтті тағатсыздана күтіп жүр. Осы тұста жаңа ортаға бейімделе бастаған жас өрендер үшін Зияткерлік оқу ордасында мектептің педагог-психолог маманы Жанна Арынбаева психологиялық тренинг ұйымдастырды. «Симфониялық коллаборация: Бірге жұмыс істеу дағдыларын дамыту» атты тренингте 7 сыныптар  қызықты ойындар ойнап, сыныптастарымен бірге жақын танысуда жаңа ортаға бейімделе түсті.

 

Тренинг барысы оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған психологиялық ойындардан басталды. Бір шеңберге топтасқан оқушылар ойыннан соң, жұп болып бір-бірінің портреттерін салуда, жағымды ойларымен бөлісті. Оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында өзара ортақ көп нарселері бар екенін, топтық ойында өз сыныптастарынан бөлек басқа сыныптармен көңілді таныстық алаңы болғанын жеткізді.

 

Жас зияткерлерді достыққа жетелеген бұл teambuilding сессиясы оқушылардың жаңа ортаға бейімделу кезінде психологиялық қолдау көрсетті.