«WRO – 2022» робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңінде зияткерлер топ жарды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін желілік «WRO-2022» робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңі Түркістандағы NIS-те алғаш рет өткізіліп отыр.
Зияткерлік оқу ордамызда өткен алғашқы шараға облыстың жалпы орта мектептері мен Мақтаарал ауданының мектептерінен робототехникамен айналысуда өз шеберліктерін көрсеткен жас өрендер қатысты. Олимпиадаға жалпы 13 команда қатысып, 4 категория бойынша: «RobotMission”, “ Future Innovators”, “RoboSports” және «Future Engineers” қатысушылар бақ сынасты.
Айта кетейік, сайыста Кентау қаласының «Қазақ-неміс политехникалық» колледжінің робототехника мұғалімдері төрелік етті.
Мықтылар сайысқан додада 4 категория бойынша зияткер оқушыларымыз топ жарып, республикалық кезеңге жолдама алды.