lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
Week of Chemistry & Biology
1 day
 
Зияткерлік мектебімізде химия-биология апталығының бірінші күні апталықтың ашылу салтанатымен басталып, түрлі іс-шараларға ұласты.
 
Соның бірі «Агролаб» зертханасының ашылуымен басталды. Зертхананың ашылу салтанатының рәсімінде мектеп директоры Балқан Маратұлымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымының кеңесшісі Жұмаділдаева Наталья Васильевна зертхананың лентасын қиды.
 
Зертханада мектеп оқушылары өздері өсірген түрлі көкөністер мен жемістердің көшеттерін мектеп ауласына отырғызды.
Сонымен қатар, химия-биология кафедрасы ұйымдастырған шаңырақтар арасында тьюторлардың қатысуымен “TREASURE HUNTER” квест ойыны өткізілді.
 
Ойын шарты: Қатысушылар мектеп ауласында жасырылған 9 картаны тауып ,белгіленген жерге бірінші жету.
 
Ойын мақсаты : шаңырақтар арасындағы ынтымақтастықты арттырып, бірлігін нығайту.
 
“Жасырын қазынаны іздеуде ойын қызықты әрі тартысты өтті”-деп 9К сынып оқушысы Жанабаева Софа ойыннан алған әсерін жеткізуде.
 
Бәсекелестік пен шытырманға толы өткен сайыста
I орын🥇
“Яссы” шаңырағы
II орын🥈
aл “Жібек жолы” шаңырағы
III орынды “Тайқазан” 🥉шаңырағы иеленді.
Ойын ауқымды түрде өткендіктен тек қатысушылар ғана емес, толық мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыра білді.