Қазіргі жаһандану мен ақпараттандыру заманында адамдар арасындағы қарым-қатынас сиреді, тіптен алшақтап барады. Жедел дамып кеткен әлеуметтік желілер тасқынында адамдар сөздің мәнісі мен мазмұнына көңіл аударудан қалды. Сөз жансыздана бастады. Жансыз сөз – тұл болып, жауыр сөз бен қысыр әңгіменің заманы туды. Сөздің салмағы түсіп, қадірі кете бастады. Егер бұрын сөзге тоқтау деген болса, қазір ол да жоқ. Сәйкесінше сөзді еститін құлақ та қалмай барады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болмай кетті. Қайда барсаң да еститінің кілең бықсық әңгімелер, өсек-аяң мен лепірме бос сөздер. Олардың дұрысы мен бұрысын айырудың өзі қиын. Сөздің мәні әбден кеткен. Оның грамматикасы мен емле қателері сын көтермейді.
Бұрын әкелік сөзбен бала өсіріп, ағалық сөзбен соңынан іні ертуші еді. Адал сөз көңілге сенім ұялатып, жылы сөз бен алғыс білдіру қанаттандырып, сөзі дуалылардың айтқандары халықты жігерлендіретін. Жастар сөз саптауға, ұйтқы сөзді ажыратып, астарлы сөзді түсінуге талпынатын. Осылайша қоғамдық ортада киелі сөзді қадірлеу, қанатты сөзге ден қою, сөздің қыр-сырын түсіну дәстүрі қалыптасатын. Нәтижесінде қазақ даласында Жиренше сынды шешендер пайда болып, жарыс сөз шеберлері мен сөз тапқыштар халықтың көңілін өздеріне аударатын.
Адамдар арасында сөз тасу, сөз құмарлық, сөз тыңдамау, сөз қайыру мен сөзбен түйреп мұқату, сөзбен шағу арқылы қатты сөзге келу сияқты жағдайлар кең өріс алуда. Ал сөз бағатындар мен сөз байлауға баратындар, сөздерінен танып, өзгелерге шарт қоюдан тайынбайды. Ондайлар кінәсін мойындамайды, өздеріне шаң да жуытпайды. Мұндайлардың жымысқы сөздері мен әрекеттері әлеуметтік ортаны ластайды, қолынан іс келетіндердің жолын кеседі. Өмірде сөз ұғатын адамдар, әдетте берген сөзіне, біреумен байласқан уәдесіне берік болып келеді. Сонымен қатар мұндай адамдар екі сөйлемей, сөзін жерге тастамай, өз сөзінде тұратын.
Бабаларымыздан мұра болып қалған «аталы сөзге тоқтау» деген ұғым бар. Бұрынғылар тілді көңілдің тілмашы деген. Оның жетпейтін түпкірінің болмайтынын, тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтетінін жақсы білген. Сол сияқты сөздің, яғни тілдің қылыштай өткір, тастай қатты екенін де түсінген. Сондықтан қисынды сөзге ешкім күмән келтірмеген. Оны қазақ қоғамы өз тіршілігінің қағидасы ретінде қатты ұстанған. Бұл ортада сөз ұстағандар ерекше құрметке ие болған. Себебі олар жеке бастың немесе жеке бір рудың намысы мен атағына жығылмай, ел мүддесін жоғары қойған. Олай болса, тек «жақсы сөз – жарым ырыс» қана жақсы іске ұласып, тіл табысуға, нақты нәтижелер мен жетістіктерге әкелетіні ақиқат. Ұлы Абай айтқандай, «естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген адамның өзі де есті болады». Ендеше естілік қана елдігіміздің кепілі. Сонда ғана адам мен адам, халық пен билік сөз табысып, араларында түсіністік пайда болып, этносаралық, дінаралық және қоғамдық келісім қалыптасады, тыныштық орнайды.
Оқылым тапсырмасы.
Ақпарат | шын | жалған |
А. Бабаларымыздан мұра болып қалған «аталы сөзге тоқтау» деген ұғым бар. |
|
|
Ә. Қазіргі жаһандану мен ақпараттандыру заманында адамдар арасындағы қарым-қатынас жақындап барады. |
|
|
Б. Өмірде сөз ұғатын адамдар, әдетте берген сөзіне, біреумен байласқан уәдесіне берік болып келеді |
|
|
В. Адал сөз көңілге сенім ұялатып, сөзі дуалылардың айтқандары халықты жігерлендіретін. |
|
|
Г. Жедел дамып кеткен әлеуметтік желілер тасқынында адамдар сөздің мәнісі мен мазмұнына көңіл аударып жүҚ |
|
|
[3]
а) Сөздің мәні неге кетті?
____________________________ [1]
ә) Аталы сөзге тоқтау дегенді қалай түсінесің??
______________________________ [1]
б) Есті адам деген кім? _______________________ [1]