Желілік «Қазақ әдебиеті» айлығы аясында мектебімізде ReadX жобасы өткізілді. Жоба қонағы болып жас ақын «Ұмытшақ көктем» кітабының авторы – Арқалық Әмәлиятұлы келді.
Ақынмен кездесу кешіне 7-9 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері қатысып, жас ақынның шығармашылығымен танысты.
Сонымен қатар, жоба қонағы зияткер оқушыларға өзі оқыған кітаптарынан «Австралияда нең бар еді, құлыным?» атты жазушы Тұрсынбек Әлиұлының шығармасын таныстырып, оқуға кеңес берді.
Айта кетейік, Арқалық Әмәлиятұлы «Қазақ әдебиеті» айлығы аясында өткен Жас ақындармен кездесу кешінде мектебімізде қонақта келген болатын. Кезекті ақынмен кездесу зияткерлердің оның шығармашылық жолымен танысуда сәтті кездесулердің бірі болды.