lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

«HOT START»
ЖАҢА БАСТАМА
ЖАҢА ЖОБАЛАР

Физика-информатика апталығы аясында мектебімізде «Hot Start» оқушылар арасындағы ғылыми жобалар байқауы өтті.

Байқауда оқушылар эко жобалардан бастап, 3D анимацияға дейін түрлі бағыттағы 42 жоба таныстырылды.
Әр сынып бір емес бірнеше жоба ұсынып, байқауда Кентау қаласының қазақ-неміс политехникалық колледжінің робототехника мұғалімдері және директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Нартай Советханұлымен мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері төрелік етті.

Байқауда жобалар арасынан төрешілер шешімі бойынша бірнеше жоба ең үздік деп таңдалды:

1. «Kazakh Video Editor»;
2. «Пищевые отходы в роли возрождения почвы»;
3. «Казахская анимация»;
4. «Көркем шығарманы ықшамдап жазудың пайдасы»;
5. «Квадраттық функцияның көмегімен қолданбалы есептерді шығару»;
6. «Анимация геометрических фигур»;
7. «Түймешетен өсімдігін химиялық және ғылыми-медициналық тұрғыда зерттеу»

Айта кетейік аталмыш жобалар байқауы зияткерлер үшін өз қабілеттері мен білімдерін шыңдауда сәтті алаң болды.