Кім донор бола алады?

Жасы 18-ге толған, донорлыққа қарсы көрсетілімдері жоқ, салмағы 50 кг артық кез-келген дені сау адам донор бола алады.Қан тапсыру алдында донор терапевттің қабылдауы мен алдын-ала медициналық зерттеуді қамтитын медициналық тексеруден өтеді. Қан тапсырудан бұрын өлшенген дене температурасы 37°С жоғары болмағаны жөн.

Егер сізде төменде келтірілген тізімге кірмеген аурулар бар немесе қандай да бір дәрілерді қабылдайтын болсаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз, ол қан және оның компоненттерін тапсыру жайында шешім қабылдайды. Дәрігердің тексеріп-қарағаны мен донор мен дәрігердің әңгімесі – қан және оның компоненттерін тапсыру алдындағы міндетті шаралар болып табылады. Өзіңізді жайсыз сезінгеніңізді дәрігерден жасырмаңыз, сауалнама сұрақтарына шынайы жауап беріңіз, сонда ғана донорлық сіз және қан және оның компоненттерін қажет ететін пациенттер үшін қауіпсіз болады.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР

Қан және оның компоненттерін тапсырудың белгілі қарсы көрсетілімдері бар. Жуық арада ауырған түрлі аурулар, операциялар, әлемнің кейбір жерлеріне бару – осының барлығы донорлықтан уақытша немесе мүлдем шеттету үшін негіз бола алады.

АИТВ инфекциясы, мерез, вирустық гепатиттер, туберкулез, қан аурулары, онкологиялық аурулар және тағы басқалар сияқты күрделі аурулардың бар болғаны абсолюттік қарсы көрсетілім болып табылады.

Оқылым тапсырмасы.

  1. Кімдер қан доноры бола алмайды

А) ота жасатқандар

Ә) 25 жастағы азаматтар

Б) салмағы 50 кг-нан асатындар

В) денсаулығында кінәраты жоқтар

  1. Қан тапсырушы бесінші рет донор боламын десе, оған қандай жауап берілуі мүмкін?

_________________________