lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

«ENGLISH WEEK» АҒЫЛШЫН ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

🌱Зияткерлік оқу ордамызда «English week» ағылшын тілі апталығы өз мәресіне жетті.

🌱Мектебіміздің ағылшын тілі бірлестігі ұйымдастырған апталықта оқушылар өткізілген іс-шаралар мен сайыстар, түрлі ойындарға қатысуда тілдік дағдыларын дамытып қана қоймай, ағылшын тілінде сауатты жазуға үйреніп, сөздік қорларын кеңейте алды.

🌱Сондай-ақ, апталықта ұйымдасырылған сайыстарға оқушылар ғана емес, мұғалімдер мен педагог-кураторларда белсене атсалысты. Соның бірі, «Talented and Polyglot Teachers» cайысында мұғалімдер мен кураторлар көп тілді меңгеруде өз қабілеттерін көрсетті.

🌱»Үздік полиглот» атағын биология пәнінің мұғалімі – Тойбазар Дәулет иеленіп, 2 орынды куратор – Алима Үсенқызы, 3 орынды математика пәнінің мұғалімі – Эльдар Сабирұлы иеленді.

🌱Жабылу салтанатында оқушылар караокемен ән айтып, апталық қорытындысы бойынша:
— “ESSAY WRITING CONTEST”
— “Quiz Bee”
— “Public Speaking”
— “Talented and Polyglot Teachers”
және басқа іс-шаралар мен ойындарға белсене атсалысқан барлық оқушылар мен ұстаздар сертификаттармен марапатталды.