Оқушылардын ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, қызығушылықтарын арттыру және оқу үдерісін тәжірибелік тұрғыда қолдау мақсатында мектеп қысқы бағында 29 қараша 2021 жылы зерттеу алаңы ретінде аквапоника жүйесі құрылды.
Аквапоника акво мәдениет пен гидропониканы біріктірген технология, яғни, балық пен өсімдікті бір жүйеде өсіру. Балықтың тіршілік барысында пайда болған қалдықтары өсімдіктер үшін қорек көзі болып табылса, өз кезегінде өсімдіктер балықтарға қайтарылатын суды табиғи жолмен тазартады. Бұл балық өсіруде суды тиімді пайдалануға бағыталған әдістердің бірі болып табылады. Топырақсыз ортада өскен өсімдіктердің тамыры суға малынып тұрады. Осы технологияның арқасында біріншіден балықтар үшін таза су алынса, ал өсімдіктер үшін органикалық қалдықтар жинауға мол мүмкіндік бар. Өсімдіктер лабораториялық жағынан да, санитарлық жағынан да таза жағдайда өсіп, дамиды.
Жоба мақсаты: мектеп жағдайында аквапоника оқу-тәжірибе алаңын қодану және жан-жақты зерттеу, жетілдіру. Аквапоника жұмысын жүргізу барысында өсімдіктер мен балықтардың даму барысын бақылау, олардың өзара тиімді тіршілігін қалыптастыру.
Міндеті: мектеп жағдайында құрастырылған аквапоника жүйесінде өсіруге мүмкін болатын балық түрін анықтау;
Аквапоника жүйесінде өсіруге қолайлы өсімдік түрін анықтау;
Күнделікті зерттеу нәтижелерін бақылап тіркеу және нәтижесін қорытындылау.
Техникалық сипаттама: балықтар өсірілетін пластмас бассейндер; су айдайтын сорғылар; өсімдік өсіру аймағы; диодты шамдар
Қондырғыда түрлі жағдайларға бейімділігі жоғары және жасанды ортада тіршілік ете алатын африкалық сом балығы өсіріледі. 29 Қараша 2021жылы салат өсімдігі өсіріліп, өнім алынды. Қазіргі сәтте 01.03.2022жылдан бастап хлорофитум гүлі, салат өсімдігінің Айсберг сорты, бидай өсімдігі, Күлгін райхан сорты, ас көк өсімдіктері өсілілуде. Өсімдіктердің өну және даму үдерістері бақыланып, зерттеледі.
Мектеп қысқы бағы ғимараттың екінші қабатында орналасқан.
Қысқы бақта өсімдіктер күтіліп, бапталып және көбейтіледі. Қазргі таңда замиокулькастың, папортниктын және спатифиллум гүлдерінің көшеттері отырғызылып көбейтілуде.
Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аквапоника жобасы 24.11.2021 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.
Смаил Дулат Мұхамеджанұлы