lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

«Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз» деп жырлап кеткен кешегі күннің батырларын еске алу күнін 1997 жылы Елбасымыз «Ашаршылық пен репрессия құрбандарын еске алу күні» деп бекітіп арнайы жарлыққа қол қойған болатын.

Бүгінде Зияткерлік мектебімізде таңғы жиын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған арнайы шарамен басталды. Жиында мектеп директоры Балқан Маратұлы алғысөз сөйлеп, ұлт келешегі үшін күрескен алаш зиялылары мен ашаршылық құрбандарын еске алу әрқайсымыздың, қазіргі және келешек ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышымыз екенін атап өтті.

Шарада мектебіміздің қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі атаулы күнге дайындаған арнайы бейнематериал жұртшылық назарына ұсынылып, оқушылар алаш қайраткерлерінің өлеңдерінен көркемсөз оқыды. Сондай-ақ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бағлан Қожахметовтың орындауындағы «Алаш маршы» әні мектеп ұжымы мен оқушыларды тебірентті.

Ұлт ертеңі үшін жан аямай күрескен бабалар жолы мәңгілік жадымызда!