🌱Бейімдеу апталығы жалғасуда
Түркістандық зияткерлердің қатарына жаңадан қосылған жас өрендерге апталықтың төртінші күнінде оқу процесімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Мектеп мәжіліс залында, оқушыларға ең алдымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламасы NIS Programme мен бағалау жүйесі таныстырылды. Пән мұғалімдері оқушыларға оқытудағы критериалды бағалау жүйесін, атап айтсақ бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалаудың қалай алынатыны жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ, мектеп ұстаздары NIS желісінде өткізілетін пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауына қатысу, зияткерлер үшін өз қарым-қабілеттері мен білімдерін арттыруда үлкен маңызға ие екенін жеткізді.
Мәжіліс залында өткен жиыннан соң оқушылар арнайы сабақтар мен тілдік курстарға қатысты.