Бүгін Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылы қарсаңында «Өркен» білім беру грантының иегерлері 7 сынып оқушыларына арналған бейімдеу апталығы басталды.
Білім ордасына жаңадан қадам басқан жас зияткерлерге мектеп бойынша кампус тур жүргізілді. Кампус тур барысында жас зияткерлерге оқу ордасының миссиясынан бастап, құндылықтар мен тәрбие жобалары таныстырылды. Оқушылар өз кезегінде әлем әдебиетіне бай кітап қоры бар кітапхана жұмысымен кеңінен танысып, ондағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген қиял-ғажайып шығармалар жинағын көріп ерекше әсер алды.
Апталықтың бірінші күнінде оқушылар мектептің тыныс-тіршілігімен толық танысып қана қоймай, академиялық және әлеуметтік бейімделуі үшін, мектеп ұстаздарымен арнайы тілдік курстар және сабақтар өтті.