🌱Зияткерлік мектептерде жаңа форматта өткен тамыз кеңесі қорытындыланды

🌱Зияткерлік мектептерде жаңа форматта өткен тамыз кеңесі қорытындыланды

 

Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің екі күнге жалғасқан Тамыз кеңесі қорытындыланды. Атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алдағы жаңа оқу жылына қойған мақсат-міндеттер сараланды. Кеңеске «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрағасы Әнуар Жанғозин қатысып, жаһандық бәсекеге төтеп беру үшін ұстаздар қауымын үздіксіз дамуға шақырды. Биыл жауапты жиын екі жыл бұрын ашылған Түркістан қаласындағы NIS-те өтті.

«Кәсіби оқыту қоғамдастығының дамуы: сапа мен тиімділік» тақырыбындағы тамыз кеңесіне еліміздің әр өңіріндегі Зияткерлік мектептерден 200-ге тарта педагог қатысты, ал кеңестің алғашқы күнінде 3500 ұстаз қашықтан қосылған болатын.
Ауқымды педагогикалық кеңесте білім саласындағы жаңа технологиялармен, озық тәжірибелер тағы бір мәрте пысықталып, қатысушылармен кері байланыс жасалды.

Жиын барысында сөз алған Басқарма төрағасы Түркістандағы Зияткерлік мектеп кітапханасына 80-ге тарта шетелдік ғалымдардың кітаптарын табыс етті.

«Тәуелсіз Қазақстанда жүзеге асырылған ең маңызды жобалардың бірі — бұл әлемдегі ең пайдалы оқулықтардың аударылуы. Бұл жобаны кезінде Ұлттық аударма бюросы жүргізді. Нәтижесінде жүз оқулық қазақ тіліне аударылды. Кейбір оқулықтардың тек ағылшын және қазақ тіліндегі нұсқалары ғана болды, яғни олар тіпті орыс тіліне де аударылмаған»,-деді Әнуар Қанатұлы.

Айта кетейік, кеше ғылыми жобалар жарысына жеңімпаздарды дайындаған үздік педагогтер, республикалық олимпиадаларға оқушыларды дайындаған ұстаздар, ТОП-100 үздік мектеп педагогі 15 номинация бойынша марапатталған болатын.

 

🌱Завершилась традиционная августовская конференция Интеллектуальных школ

В этом году важное для педагогов мероприятие прошло в Назарбаев Интеллектуальной школе города Туркестан, которая открыла свои двери 2 года назад. В течение двух дней эксперты NIS проводили анализ проделанной работы, определили цели и задачи на предстоящий новый учебный год.

В мероприятии принял участие Председатель Правления автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» Ануар Жангозин. Глава NIS призвал учителей к непрерывному развитию. В традиционной конференции для педагогов на тему «Развитие профессионального школьного сообщества: качество и эффективность» приняли участие около 200 педагогов из Интеллектуальных школ всех регионов страны. Кроме того, в первый день совещания дистанционно подключились 3500 педагогов.

На масштабном педагогическом совете были проработаны новые технологии, передовой опыт в сфере образования, проведена обратная связь с участниками.

В завершении конференции Председатель Правления вручил библиотеке NIS Туркестана книги 80 зарубежных ученых.

– Один из важных проектов, реализованных в независимом Казахстане – это перевод самых полезных учебников в мире. На казахский язык переведено 100 учебников. У некоторых экземпляров были только версии на английском и казахском языках, то есть они даже не были переведены на русский язык, – отметил Ануар Канатович.

Напомним, что вчера в 15 номинациях были награждены ТОП-100 лучших педагогов NIS.