🌱«Пәндік құзыреттілік – мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын фактор» атты Республикалық тамыз конференциясы аясында Педагогикалық шеберлік орталығының педагогтерге арналған пәндік секциялары
⠀
Бүгін Түркістандағы NIS-те Республикалық тамыз конференциясы аясында Педагогикалық шеберлік орталығының педагогтерге арналған пәндік секциялары өтті.⠀⠀
Шара барысы өңір ұстаздарына мотивациялық спикерлердің алғы сөзімен бастау алды.
Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Тәлімбет Билл мен Меленда Гейтстің ұстаз жолы туралы ойларын мысалға келтіре отырып, мұғалімдерге қажетті дағдыларды атап өтті.
Сондай-ақ Түркістандағы NIS директоры Айдын Түсіпжанов өз сөзінде өңір ұстаздарына жаңа технологияларды меңгеру және сол методикаларды оқыту процесінде қолдану педагогтердің кәсіби дамуына тікелей әсер етуші құрал екенін жеткізді.
Секциялық отырыстан кейін конференцияға қатысушылар мұғалімдердің пәндік құзыреттілігін дамыту бойынша практикум мен шеберлік сағаттар өткізілетін пәндік секцияларға қатысты.
Пәндік секцияларға өңірдің жалпы білім беретін мектептерінің 300-ге жуық мұғалімі қатысты. Олар үшін мұғалімдердің пәндік құзыреттілігін дамыту бойынша 12 практикум, облыстардың үздік пән мұғалімдерінің 12 шеберлік сағаты өткізілді.
⠀
Проблемалық мәселелерді талқылау алаңында оқушылардың пәндік, метапәндік және сараптама мен интерпретация дағдыларын дамыту сұрақтары қарастырылды. ⠀
⠀
Секция отырыстарының басты тақырыптары «Педагогикалық шеберлік шыңына» шеберлік сабақтар фестивалі, «Күрделіні қолжетімді ету» пәндік практикумы, мұғалімдердің зерттеу тәжірибесінің панорамасы және консультативтік алаңдарында ашылды.⠀⠀
🌱Предметные компетенции – определяющий фактор профессионализма учителя⠀
Сегодня в Назарбаев Интеллектуальной школе г. Туркестан в рамках республиканской августовской конференции прошли предметные секции центра педагогического мастерства для педагогов.⠀⠀
Ход мероприятия начался с предисловия мотивационных спикеров для учителей региона.
Директор Центра развития образования Туркестанской области Бакытжан Тәлімбет, приводя в пример мысли Билла и Меленды Гейтс о пути учителя, отметил навыки, необходимые учителям.
Также директор NIS г. Туркестан Айдын Түсіпжанов в своем выступлении отметил, что освоение новых технологий и применение этих методик в процессе обучения является инструментом, влияющим на профессиональное развитие педагогов.
После секционного заседания участники конференции приняли участие в предметных секциях, где проводятся практикумы и мастер-классы по развитию предметных компетенций учителей.
В предметных секциях приняли участие около 300 учителей общеобразовательных школ региона. Для них было проведено 12 практикумов по развитию предметных компетенций учителей, 12 мастер-классов лучших учителей-предметников областей.
На встрече были рассмотрены вопросы развития предметных и метапредметных навыков, анализа и интерпретации, а также ключевых компетенций⠀учащихся.⠀
На секционных заседаниях были проведены: фестиваль мастер-классов «К вершинам педагогического мастерства», предметные практикумы «О сложном – доступно», панорама исследовательских практик учителей. Была сформирована консультативная площадка по актуальным вопросам образования.⠀⠀