Алқалы жиында Түркістандағы NIS-ті ашылғалы басқарып келген Балқан Касимов сөз сөйлеп, екі жылға жуық уақыт бойы бірлесе қызмет атқарған ұжымға өз алғысын білдірді. Сондай-ақ жаңа оқу жылында үлкен жетістіктерді бағындыруда сәттілік тіледі.
Білімі: 2009-2011 жж. — Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің «Физика» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдары магистрі,
2013 ж. – «Болашақ» бағдарламасы бойынша Польша қаласындағы Вроцлав университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен,
2016–2020ж. — Сібір Федералды университеті,: «Материалдар технологиясы» мамандығы бойынша аспирантура дәрежесі,
Кәсіби жетістіктері:
2021ж. — Мектеп мұғалімдерінің пәндік құзіреттілігін дамыту бойынша жаттықтырушы (ресретификация-2022ж.),
«Физика пәні бойынша 10-сыныпқа арналған құрылымдалған тапсырмалар жинағы», атты қазақ, орыс тілінде (бірлескен автор) әдістемелік құрал жазған,
2023ж. — Колледж оқытушыларының пәндік құзіреттілігін дамыту бойынша жаттықтырушы,
Өскемендегі NIS-те өткен «Жыл мұғалімі 2023» байқауының жеңімпазы атанған.
Сонымен қатар, зияткерлерді ғылыми жобалар мен конкурстарға дайындауда жеткен жетістіктері:
2020 ж. — Бүкілресейлік Вернадский конкурсынан Есмұратұлы Мирас жүлделі І орын иеленген,
2021 ж. — Оңтүстік Корея мемлектінде өткен «Жас ғалым» халықаралық байқауынан Сейілханова Дилназ І орын, 50% грант иегері атанған,
РМҚК-да «Адам-Жер -Ғарыш» бөлімі бойынша Мұратов Аділет І орын,
2022 ж. — «Керамзитпластикалық блоктар жасау әдісі» өнертабысы үшін авторлық құқық иегері атанған (№ 35621),
2022 ж. — Бүкілресейлік Вернадский конкурсы Қапаров Дәулет Гран-при иегері атанған, сондай-ақ «Адам-Жер-ғарыш» атты бүкілресейлік байқауынан І орын иеленген.
Тілдік құзыреттері: IELTS 5,0 КазТест — С1 «жоғары», орыс тілі – еркін, поляк тілі – B1
2019 жылы — Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің арнайы алғыс хатымен марапатталған.