Февраль 2023 — НИШ ХБН г.Туркестан

🌱Апта белсендері марапатталды

🌱Апта белсендері марапатталды Түркістандағы NIS-те ақпан айының соңғы аптасы сәтті басталды. Өйткені өткен апта қорытындысы бойынша зияткерлер үшін продуктивті әрі креативке толы болды. Қоғамдық-гуманитариялық пәндер апталығында ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға қатысу арқылы оқушылар өз белсенділіктерін көрсетіп, шаңырақтар арасында сайысқа түскен болатын. Бүгінгі таңғы лездемеде апталық қорытындысы бойынша сайыстарға белсене қатысқан оқушыларды мектеп директоры Балкан Касимов пен… Читать далее 🌱Апта белсендері марапатталды

🌱«Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты апталық барысы қалай өтті?

🌱«Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты апталық барысы қалай өтті? «Терең тарихтан жарқын болашаққа» бастаған қоғамдық-гуманитарлық және өнер пәндері апталығы оқушылар үшін жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқу ордамыздың фойесінде бірінші күнінен бастап ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында ат-әбзелдері мен қолөнер бұйымдарынан көрме қойылып, сондай-ақ апталықтың маңызын айшықтауда ілінген түрлі безендірулер ерекше көрік беріп, жауапты пәндердің барлығын қамтыды. Айта… Читать далее 🌱«Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты апталық барысы қалай өтті?

🌱Түркістандағы NIS-те ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

🌱Түркістандағы NIS-те ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті Рухани астанадағы Зияткерлік мектепте «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында 15-ақпан Ауған соғысы ардагерлері күніне орай жатақхана тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу өтті. Зияткерлер отан үшін от кешкен ардагер ағалармен еркін сұхбаттасу жүргізді. Өз отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету мақсатында… Читать далее 🌱Түркістандағы NIS-те ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

🌱«Әкелер әлқасымен» кездесу өтті

🌱«Әкелер әлқасы» мен мектеп ұжымы арасында «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында кездесу өтті Түркістандағы NIS-те «Әкелер алқасы» әкелер ұйымы және мектеп ұстаздары мен ұжымы арасында ашық диалог өрбіді, жиналыс соңы спорттық іс-шаралармен жалғасын тапты. Әкелер мен ұстаздар футбол және үстел теннисі ойындарында бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады. Ойынның негізгі мақсаты ата-аналарды мектептің… Читать далее 🌱«Әкелер әлқасымен» кездесу өтті

🌱Республикалық желілік пәндік олимпиададан түркістандық 12 зияткер жүлдегер атанды

🌱Республикалық желілік пәндік олимпиададан түркістандық 12 зияткер жүлдегер атанды 14-16 ақпан аралығында барлық NIS желісінде республикалық пәндік олимпиада өтті. Білім додасына Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 33 оқушы қатысып, олимпиада қорытындысы бойынша 12 зияткер үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтсақ: 🥇Жүлделі І орын:Мансұр Тұрарбек – Құқық пәні 🥈Жүлделі ІІ орын:Даулет Маханбеталиев – География 🥉Жүлделі ІІІ орын: Алтынай… Читать далее 🌱Республикалық желілік пәндік олимпиададан түркістандық 12 зияткер жүлдегер атанды

🇰🇿🎨Қоғамдық-гуманитарлық және өнер пәндері апталығы бастау алды

🇰🇿🎨Қоғамдық-гуманитарлық және өнер пәндері апталығы бастау алды 🔵«Терең тарихтан, жарқын болашаққа» тақырыбына арқау болған қоғамдық-гуманитарлық және өнер пәні апталығы ұлттық құндылықтарды дәріптеуден бастау алды. Әуе толқынында қанатты сөздер мен халық әндері радиодан оқушыларға таңғы шабыт шыйлау мақсатында таратылып, шараның ашылу салтанатында мектеп фойесінде қазақ дастарханы мен ат әбзелдері, ұлттық бұйымдар таныстырылды. Сондай-ақ, планетадағы барлық мемлекеттердің… Читать далее 🇰🇿🎨Қоғамдық-гуманитарлық және өнер пәндері апталығы бастау алды

🌱Барлық NIS-те республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңі басталды

🌱Барлық NIS-те республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңі басталды Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 500-ден астам оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңіне аяқ басты. Олар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін сарапқа салады. 16 ақпанда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бақ сынайтын оқушылар үшін бірінші тур басталады. Жұмыстарды тексеру Алматыдағы химия-биология бағытындағы және елордадағы физика-математика… Читать далее 🌱Барлық NIS-те республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңі басталды

🌱Апта белсенділері марапатталды

🌱Апта белсенділері марапатталды Түркістандағы NIS-те ақпан айының үшінші аптасы сәтті басталды. Оқушылар мен мектеп мұғалімдерінің апта бойғы жетістіктері таңғы лездемеде арнайы марапатқа ие болып, мектеп мәртебесі артты. Олай деуге себеп бар. Өткен аптада мектеп ұстаздары Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 10 жылдық мерейтойына орай «Зияткерлер мекеніне 10 жыл» атты өңір ұстаздары бас қосқан спартакиадаға қатысып,… Читать далее 🌱Апта белсенділері марапатталды

🌱 «Берік отбасы» бағдарламасы жалғасуда 3 бөлім

🌱 «Берік отбасы» бағдарламасы жалғасуда3 бөлім NIS желісіндегі отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған «Берік отбасы» жобасы Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өз жалғасын тапты. Бағдарламаның кезекті үшінші бөлімі «Жақсы тәртібі үшін ынталандыру», «Күйзелісті басқару» тақырыптарына арналды. Бағдарлама әдеттегідей оқушылар мен ата-аналар бөлек кабинеттерде жайғасып, тренинг барысында қос секцияға жауапты тренерлер пен фасилитаторлар нұсқаулығы бойынша ойындарға қатысып тапсырма… Читать далее 🌱 «Берік отбасы» бағдарламасы жалғасуда 3 бөлім