lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

📔«КІТАП ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРАДЫ» АКЦИЯСЫ

23 сәуір-Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай Зияткерлік мектептерде желілік өткізілетін бұл акция Түркістандағы NIS-те алғаш рет өткізіліп отыр.

Жалпы жоба мақсаты оқу мәдениетін қалыптастыру, оқу сауаттылығын дамыту, әдебиетті таңдау дағдыларын және әдеби талғамды қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды дамыту және мектеп қоғамдастығының барлық мүшелері арасында достық және ашық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады.

Салтанатты шараның ашылуы мектеп директорының алғысөзімен басталып, «Reading Ranking» кітап оқу рейтингісі бойынша екі ай ішінде 12 кітап оқыған 7 М сынып оқушысы Абдугаппарова Зиедаға мектеп басшысы Балқан Маратұлы кітап тарту етті. Аталмыш шарада бірінші болып кітап тарту еткен мектеп директоры акцияның бастамасын өзі бастап берді.

Әр шаңырақ бірлестіктері өздері сыйлайтын кітаптарды бір қатарға тізіп, мектеп ұжымы мен оқушыларды қосқанда 156 адам қатысып, акцияның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

#worldbookday #книгалучшийподарок #nisturkestan