Жаңа тоқсанның басталуымен тұспа-тұс келген «Математика – ғылымдар патшасы» атты апталық барысы сандарды сөйлетуде таңғы шашулардан бастап, оқу сауаттылығын арттыруда зияткерлерге қызықты ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ұшқыр оймен ұштасқан спорттық «Математикалық эстафета», «Math football» сайыстары оқушылардың есеп шығарудағы шапшаңдылығын арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеді. Ал зияткерлердің шығармашылық потенциалдарын ашуда «Fast modeling on Sketch Up» және «Corel Draw», «Papercraft 3D модельдер» сайыстары белсенді түрде өткізілді.
Онымен қоса, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты тірек мектебінің мұғалімдеріне «Lesson study – ынтымақтастық тәсілі» атты тәжірибелік семинары өткізілді. Тірек мектептің 20 мұғалімі қатысқан семинар, оқу мен оқыту процестерін дамыту және жетілдіру мақсатында Lesson study тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық беру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Оқытудағы жаңа әдістер талқыланған алаңда Түркістандағы NIS ұстаздары ауыл мектебінен келген әріптестеріне сабақты зерттеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында ұстаздар пікір алмасып, алдағы уақытта сабақты зерттеуді бірге жүзеге асыруды жоспарлады.
Еліміздегі барлық жаратылыстану-математика мамандығының мамандары атап айтсақ, мектеп, колледж және жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері, педагогика саласын зерттеп жүрген ғалымдар мен жоғарғы курс студенттері қатысқан «Қажи Нұрсұлтанұлы оқулары» атты математика пәні оқытушыларының V Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына мектеп ұстаздары да қатысты.
Анимация әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік берген «Даналық бейсенбі» жобасында Рауф Абдулраззоқпен кездесу апталықтың ең маңызды іс-шараларының бірі болды. Бағдарлама қонағы өз кезегінде анимация тарихынан бастап оның өрлеу кезеңіне дейін түсіндіріп өтті. Рауф Абдулраззоқ «Қазақфильм», «Фиксики», «Балапан», «Буба» жобалары авторы ретінде танымал, сондай-ақ «Ayna studios» анимациялық студиясының негізін қалаушы. Кездесуде жоба қонағымен сұхбат қана емес, арнайы мастер класста ұйымдастырылды.
Зияткерлерге жаңа серпін берген бұл басқосу анимация индустриясын танып білуде тиімді әрі мықты маманмен бірге креативті идеялар талқыланған алаң болды.