Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық желілік олимпиаданың Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жүлделі орынмен оралды.
Аталмыш желілік олимпиададан жаратылыстану-математика бағыты бойынша география пәнінен жүлделі III орынды 8 «А» сынып оқушысы Маханбеталиев Дәулет иеленсе, биология пәнінен жүлделі III орынды 9 «К» сынып оқушысы Гайдаенко Алихан иеленді.
Айта кетейік, республикалық білім бәйгесінде алғаш рет бақтарын сынап қатысқан зияткер оқушыларымыз үшін бұл көрсеткіш үлкен жетістік!
Зияткерлеріміздің алғашқы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларды олимпиадаға дайындаған барлық ұстаздар қауымына алғыс білдіреміз!