Бүгін 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде «Балалық шақтың бекеті» атты мерекелік іс-шара өтті.
Атаулы шараны мектебіміздің химия-биология пәндерінің әдістемелік бірлестігі ұйымдастырып, каникулярлық мектеп оқушылары мен зияткерлерге түрлі ойындар ойнатып, таңғы жиынды қызықты етіп өткізуге атсалысты.
Жарқын сәттерге толы болған таңғы жиында зияткерлер каникулярлық мектеп оқушыларымен бірге бір топта түрлі ойындар ойнап, би билеп өз белсенділіктерін көрсетті.
Айтулы дата күніне өткізілген шара «Жібек Жолы» паркінде өз жалғасын тапты.