Week of Physics & ICT
Іс-шаралар барысы
Физика мен информатика пәндерінің кафедрасы уәде еткендей, апталық барысындағы іс-шаралар қызықты әрі жоғары деңгейде өтуде.
Апталықтың әр күні таңғы шашумен басталып, оқушыларға түрлі викториналар мен қызықты ойындар ұйымдастырылуда.
Іс-шаралар барысы апталыққа жауапты пән мұғалімдерінің ашық сабағымен басталып, түрлі жарыстар және қызықты интеллектуалды сайыстармен жалғасын тапты. Апталыққа тек оқушылар ғана емес, мұғалімдерде өз біліктіліктерін шыңдауда «Сайт жасау», «Как научить учится» шеберлік сабақтарына белсене қатысты. Оқушылардың жан-жақты, креативті ойлауын дамыту мақсатында, қабілеттерін шыңдауда апталықта «Air Football», «Дрон ұшыру», «3D модельдеу», «Ең күшті компьютерлік ойын», «Титандар шайқасында» сайыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, зияткерлердің танымдық қабілетін арттыру мақсатында апталық «Парасат» интеллектуалды ойыны өткізіліп, аталған сайысқа №28 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Онымен қоса, «Даналық бейсенбі» аясында Астана қаласындағы изика-математика бағытындағы NIS-тің алғашқы түлегі (2010 ж) Бекет Төлегеновпен онлайн кездесу өтті. Бекет Төлегенов – «Болашақ» бағдарламасының ең табысты стипендиаттарының бірі бола отырып, аэроғарыш саласындағы Embry-Riddle Aeronautical University американдық университетінде PhD дәрежесін алған NIS-тің алғашқы өкілі болды.
Кездесуде ол, аэроғарыштық инженерия саласындағы жетістіктері туралы АҚШ-тағы техникалық мамандықтарға қалай түсу керектігі туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Айта кетейік, апталық барысы оқушылар мен мұғалімдер үшін пайдалы ресурстарға толы ашық сабақтар мен қызықты сайыстар арқылы ерекше форматта өтті.