lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱 Бағдарлау апталығы жалғасуда
 
7 сынып оқушыларын жаңа оқу жылына бейімдеу барысында жас зияткерлер мектеп жобаларынан бастап, тәрбие жұмыстары және үйірмелер барысымен танысуда. Бүгін оқушыларға «TEDx» және «READx» жобалары аясында арнайы шаралар ұйымдастырылды.
 
Апталықтың 5 күнінде олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жүлдегерлері «TEDx» «NIS_TRK talks» алаңында жас зияткерлерге бағыт берді. 10 сынып оқушысы Сапар Бірханым «NIS мені өзгертті» тақырыбында NIS-ке дейінгі және кейінгі өзін салыстырып, жетістіктерімен бөлісті. Өз сөзінде:
 
— Зияткерлік мектеп үздіксіз даму ортасы, тек бір ғана жетістікпен шектелмей жан-жақты білім алуға, қабілеттеріңді шыңдауға мүмкіндік көп. Сол себепті қазірден бастап, уақытты зая кетірмей оқу үлгерімдеріңізді жақсартып, белсенді болыңыздар, -деп жас зияткерлерге жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, өз кеңестерімен бөлісті.
 
Ал, мектептің ішкі тәртібі мен ережелері жайында Пернешбай Нұрай толық түсіндіріп өтті. Оқу жылының қорытындысы бойынша үздік үйірме атанған «Уикипедия» үйірмесінің мүшесі Саттарова Дария клуб барысында жеткен жетістіктерін көрсетіп, бүгінде Уикипедия ашық энциклопедиясына 600-ден астам мақала жазған. Сонымен қатар, жас зияткерлерге «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында және басқа да әндерге караоке жасалған «Қазақша Karaoke» клубындағы жұмыстар таныстырылды.
 
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқушының кітап оқуға шабыттандыратын белсенді платформа «READx» жобасында жас зияткерлер өздеріне ерекше әсер еткен кітаптармен бөлісіп, шығармадан түйген ойларын ашып айтып, пікір алмасты.