Оқушыға білім беруде ұстаздар бас қосқан идея таратылған алаңда мектеп ұстанымы мен құндылықтары, мінсіз мұғалім критерийлері, оқу процесіндегі эмоционалды күйлер, кәсіби даму, академиялық орта құру, мектептің ішкі және сыртқы тәртібі, жобалар мен үйірмелерді оқушыға бейімдеу тақырыптарында өз әдіс-тәсілдері мен ойларын ортаға салып, мектеп ұстаздары әріптестерінен оқу процесіне қажетті маңызды әрі пайдалы ақпараттар мен ресурстар ала білді.
Шара соңында, ең үздік пед идея дауыс беру арқылы анықталып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Әділханұлы қорғаған «Мұғалім ұстанымы» тақырыбы үздік деп танылды.