lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌱«NIS Challenge» Түркістандағы NIS-те алғаш рет

NIS Alumni Түлектер ассоциациясының тұңғыш жобасы.

«NIS Challenge» бүгін алғаш рет Түркістандық зияткерлер арасында өтті. Бұл жобаның мақсаты оқушылар арасында командалық рухты ояту және Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің тарихымен таныстыру болып табылады.

Ойын шарты бойынша зияткерлер арнайы 5 командаға бөлініп, әр командада 7, 8, 9 сынып оқушылары тұрды.

Тартысты жарыс 3 кезеңнен тұрды:
1 кезеңде: Зияткер оқушылар өз мектептері туралы сұрақтарға жауап берді.
2 кезеңде: Мектеп өмірі жайлы сұрақтарға жауап беріп,үздік жауапты көрермендер таңдады.
3 кезеңде: Зияткерлер мен зияткер түлектерді не байланыстырады осы сұрақ бойынша әр команда капитаны өз ойларын ортаға салды.

Жарыс қорытындысы бойынша «Сарылар» тобы 3 орын, «Көктер» тобы 2 орын иеленді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған «Күлгіндер» тобы түлектердің арнайы 100 мың теңгелік сертификатымен және тағы басқа сыйлықтарымен марапатталды.

Оқушыларымыз өз ақшалай сыйлықтарын NISAlumni қоғамдық бірлестігінің «Talim» жобасына салып, «Жас инвесторлар» атанды.

@nisalumni_official
#nisalumni2022
#nischallenge #nisalumni #nisalumnisuccess