🌱«Hot Start» жаңа бастамалар сыйлады
2021-2022 оқу жылын қорытындылау мақсатында зияткерлер арасында бүгін «Hot Start» ғылыми жобалар сайысы тартысты өтті.
Тағы бір рет ұйымдастырылған бұл іс-шарада жалпы саны 52 әртүрлі бағыттағы жобалар қорғалып,сараланды. Байқаудың негізгі мақсаты зияткер оқушылардың интеллектуалды әл-ауқатын көтеру және зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беру болып табылады.
Сайыста оқушылар 4 бағыт бойынша сыналды. Атап айтқанда:
І бағыт «Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны» (11 жоба)
ІІ бағыт. Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (8 жоба)
ІІІ бағыт « Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі» (24 жоба)
IV бағыт « Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары » (10 жоба).
— Бұл «Hot Start» жобалар байқауы арқылы зияткер достарым өз қабілеттері мен білімдерін шыңдап,талдай алады.Бүгінгі сайыстан мен жаңа идеялар мен болашақта жобамды дамытуға бағыт-бағдар алдым. Осындай іс-шаралар жиі-жиі ұйымдастыру еліміздің өзекті мәселелерін шешуге өз үлесін қосатын еді. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін,-дейді «Danalyq oi» жобасының авторы Жарылқап Аружан байқаудан алған әсерімен бөлісіп.
Айта кетейік,байқауда оқушыларымыз тек жобаларын қорғап қана қоймай,өзге оқушыларға өз идеяларымен бөлісті.