lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱7 сынып оқушыларын жаңа оқу жылына бағдарлау апталығы басталды
 
Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылына қабылданған 7 сынып оқушыларын Зияткерлік білім ордасын таныстыру мақсатында бағдарлау апталығы басталды.
 
Мектеп директоры Балқан Маратұлы оқушылармен танысып, ең алдымен оларға мектеп миссиясынан бастап, білім беру бағдарламары мен мектеп жобаларын, сонымен қатар білім ордасының ішкі ережелерін түсіндіріп, Зияткерлік мектепке жаңадан қадам басқан жас зияткерлерге 2022-2023 оқу жылында сәттілік тіледі.
 
Апталық барысында оқушылар мектептің тыныс тіршілігімен толық танысып қана қоймай, академиялық және әлеуметтік бейімделуі үшін, мектеп ұстаздарымен арнайы тілдік курстар өткізіледі.