🌱«English week» апталық барысындағы «MODEL UNITED NATIONS» кездесуі
Апталықтың бірінші күнінің басты оқиғасы ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен зияткерлермен бірге Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Педагогикалық шетел тілі кафедрасы магистранттарымен бірігіп «MODEL UNITED NATIONS» кездесуін өткізді.
Басқосу тақырыбы «Global Warming», яғни ЖаҺандық жылыну мәселесіне арналды. Кездесу кезінде магистранттар мен оқушыларымыз үлкен қызығушылықпен тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, жоғарғы дәрежеде зияткерлік ойларымен мәселенің оң шешімін табуға ұсыныстарын білдірді. Кездесу толығымен ағылшын тілінде болды.
Жиынның басты мақсаты оқушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіру және ойларын еркін білдіруге машықтандыру болатын. Сонымен қатар оқушылар университет ғимараттары мен мәдениет орталығына, кітапханаға саяхат жасау мүмкіндігіне ие болды.
Ал, 8-9 сыныптар үшін Typing Race жарысы ұйымдастырылды. Яғни, оқушылар ағылшын тіліндегі мәтіндерді жылдамдыққа теріп, компьютерде мәтін басуда жылдамдыққа жарысты.