Бүгін Зияткерлік мектепте таңғы лездеме атаулы дата Қазақстан халқы тілдер мерекесімен және «Ұлт ұстазы» атанған Алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін салған, әдебиет зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған арнайы шарамен басталды.
Қос мерекенің бір күнде атап өтілуінің өз себебі бар. Бұл күн — «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Осы тұста мектептің тілдер кафедрасы оқушыларға Алаш қайраткері, тіл білімінің атасы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін дәріптеу мақсатында өмір жолынан көрініс қойып, өлең шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Айтулы мереке қарсаңында мектеп оқушылары өз жетістіктеріменде қуантты. 10 сынып оқушылары Тобаханова Нұрзада мен Алпысбай Жібек Гонконг университеті ұйымдастырған «HKU Neuroscience Academy for the talented» курсына онлайн түрде қатысып, арнайы сертификаттармен марапатталған болатын. Таңғы лездеме барысында мектеп директоры зияткерлерді құттықтап, жеңісті күндерің көп болсын деп сәттілік тіледі.
Лездеме соңында оқушыларға жұмбақтар қойылып, жауабын үш тілде дұрыс жеткізген әр оқушыға тәттілер таратылды.