«Әкелер әлқасы» мен мектеп ұжымы арасында өткен волейболдан ашық біріншілік
Түркістандағы NIS-те «Әкелер алқасы» әкелер ұйымы және мектеп ұстаздары мен ұжымы арасында волейболдан командалық ашық біріншілік өтті.
Ойынның ашылу салтанатында мектеп директоры Балқан Касимов алғысөз айтып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың негізгі мақсаты ата-аналарды мектептің тыныс тіршілігімен таныстыру, ата-ана мен ұстаз арасындағы байланысты нығайту болып табылады. Ашық біріншілік барысында волейболдан мектептің ұлдар құрама командасыда белсене қатысты. Қызықты әрі тартысқа толы өткен жарыс барысында әкелер құрама командасы жоғары нәтижелер көрсетуде топ жарды.
Ойын соңында белсене қатысқан барша оқушылар мен ата-аналарға арнайы марапат табысталып, кофе-брейк ұйымдастырылды.
Бірлік пен командалық рухты насихаттаған аталмыш ойын барша оқушыларға үлгі болды.