🌱 «Ұстаз – мектеп жүрегі» атты мерекелік кеш өтті
Ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетуде Зияткерлік мектепте «Ұстаз – мектеп жүрегі» атты мерекелік кеш өтті.
Мәдени шара мектеп директоры Балқан Касимовтың алғысөзімен басталып, Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың атынан алғыс хатпен марапатталған мектебіміздің ұстаздар қауымын құттықтаумен жалғасын тапты.
Мұғалімдерге ерекше көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламада өнерлі зияткерлер домбырада күй тартып, ән айтып, би билеп, түрлі аспаптарда өнер көрсетуде мерекелік кештің көркін қыздырды. Онымен қоса, әр шаңырақ бірлестігі ұстаздар туралы түрлі форматтағы құттықтау бейнероликтеріде көрермен назарына ұсынылды.
Оқушыға білім берумен қатар, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор, сол себепті ұстаз әрбір шәкірттің бойында дара тұлға болып қала бермек!