lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌱  «English week» ағылшын тілі апталығы басталды

Түркістандағы NIS-те кезекті пәндер апталығы ағылшын тілі апталығы басталды. Әуе толқынында ағылшынша хабар таратқан мектеп радиосы және мектеп фойесінде орналасқан түрлі безендірулер ағылшын тілі апталығына ерекше көрік беріп, мектеп тынысына еnglish vibe сыйлады. Жалпы апталық кезекті құндылықтар декадасы жаһандық азаматтық декадасы аясында өткелі жатыр.

Таңғы лездемеде зияткерлер түрлі сахналық қойылым қойып, апталықтың ашылуында белсенділік танытты. Онымен қоса, апталықтың басты оқиғасы ағылшын тілі кафедрасы «The NIS TIMES» журналын жарыққа шығарды. Аталмыш журнал ағылшын тілінде мектеп тынысын баяндап, жалпы Зияткерлік білім ордасының жеткен жетістіктері, айтулы даталар күніндегі іс-шаралар және оқушылардың жазған мақалаларын жарияланатын болады.

Мектеп директоры Балқан Касимов журналдың алғашқы санына салтанатты түрде тұсаукесер жасап, өз құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі журналдың редакция құрамын барша мектеп ұжымын таныстырды.

Сонымен қатар, «Қазақ тілінің жаңа кеңістігі» қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында өткен шараларға белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Апталық барысында өтілетін іс-шаралар легін парақшадан оқи отырыңыздар!