lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌱Тоғызқұмалақтан желілік V спартакиада өз мәресені жетті

 
Барлық NIS желісінде өткен дәстүрлі желілік турнир тоғызқұмалақтан V спартакиада өз мәресіне жетті. Түркістандық зияткерлер 3 күн бойы жалғасқан ойын барысы қызықты әрі тартысты өткенін айтады. Жарысқа қатысушылар жеті ойын барысында жақсы нәтиже көрсете білді:
— Спартакиада тартысты өтті, ойын барасында көптеген әдіс-тәсілдермен танысып, өзім жіберген қателіктерімді түсіндім. Жарыста өз бағымды сынағаныма өкінбеймін, — дейді 10 сынып оқушысы Тобаханова Нұрзада ойыннан алған әсерімен бөлісіп.
— Жалпы бұл желілік турнирге Түркістан NIS атынан алғаш рет қатысқаннан кейін қобалжу болды. Себебі барлық Зияткерлік мектептің оқушылары арасында сайысқа түсу, тәжірибелі қатысушылармен бірге ойнау оңай болған жоқ. Дегенмен дәстүрлі турнирге қатысып, мықты тоғызқұмалақшылармен берге сайысқа түсу, қарсыластарымның ойын тактикаларын меңгеруде өзім үшін тиімді тәжірибе алаңы болды деп есептеймін, — дейді 8 В сынып оқушысы Абдиламитова Жасмина.