🌱 Түркістандағы NIS-те тоғызқұмалақтан V желілік спартакиадасының екінші күні өтті.
Дәстүрлі додаға қатысқан оқушылар ойынның тартысты өткенін айтады:
-Бүгінгі ойын мен үшін бірінші күнге қарағанда тартысты өтті. Себебі бүгінгі ойыннан қарсыластарымның ойын тактикасын көріп, біршама тәжірибе алдым. Өз қатараластарым арасында ең мықты ойыншы боламын деп санаушы едім, бірақ осы жарыстан ұққаным қаншама мықты болсаңда сененде мықты адам табылады. Бүгін жарыстың нәтижесі қатты ұнады, — дейді 8 сынып оқушысы Кертай Жеңіс ойыннан алған әсерімен бөлісіп.
-Спартакиаданың екінші күні ерекше болды. Жаңа ойыншылардың ойын тактикасын бақылауда ойын барысында жіберген қателіктеріме көзім жетті. Келесі ойында қателіктермен жұмыс жасап әрмен қарай жақсы нәтиже көрсетемін деген ойдамын,- дейді 10 сынып оқушысы Алимбай Мейіржан.
Жарысқа қатысушы оқушыларға жоғары көрсеткіш көрсетуде сәттілік тілейміз!