lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱 Зияткерлік мектептер арасындағы желілік олимпиада басталды
 
Бүгін желілік олимпиадаға қатысушы Зияткерлік мектептердің 700-ден астам оқушылар қатарында біздің мектебіміздің оқушыларыда қатысуда.
 
Мектеп директоры Балқан Маратұлы желілік олимпиадаға қатысушы зияткер оқушыларымызға жеңіс тұғырынан көрінуде сәттілік тілеп, өз құттықтауын білдірді.
 
Олимпиада 24-31 наурыз аралығында Қазақстанның бес қаласында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің филиалдарында өтеді.
Олимпиаданың алғашқы күндерінде оқушылар жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша бақтарын сынаса, 28 наурыздан бастап гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сынға түсетін болады.
 
Жалпы алғанда, биылғы білім додасына мектебіміздің 7-8-9 сыныптарынан 19 оқушы қатысып жатыр.
 
Зияткер
оқушылармызға сәттілік тілейміз!