lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱 Жаңа оқу жылына дайындық бойынша педагогикалық кеңес өтті
 
Бүгін Түркістан қаласындағы NIS-те жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталып педагогикалық кеңес өтті.
Жиында мектеп директоры Балқан Маратұлы алғысөз сөйлеп, ұжымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жаңадан келген мұғалімдер ұстаздар қауымымен танысып, жылдық оқу жоспары баяндалған кеңеске қатысты.
 
Кеңесте ең алдымен мектептің әдеп кодексі мен ішкі тәртіп ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ тәрбие жобалары мен 2022-2023 оқу жылында іске асырылатын жобалар тізімі таныстырылды.
 
Басқосуда мектептің 2021-2022 оқу жылы бойынша білім саласының статистикасы мен оқушылардың сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері талданды.
Жылдық жоспарлары мен міндеттер сараланған педагогикалық кеңесте мектеп ұстаздары жаңа оқу жылына нық сеніммен қадам басқалы отыр