🌱 «Даналық бейсенбіде» қонақта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты Амалбек Өміртай
Апталықтың төртінші күнінің сәтті нүктесін қойған басты шара «Даналық бейсенбі» жобасына кезекті қонақ ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық экономика факультетінің PhD докторанты, рухани шаһар дамуына аянбай еңбек етіп жүрген азамат Амалбек Өміртай Дәркенұлы келді.
Амалбек Өміртай Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, Кентау қаласы әкімдігінің аппарат басшысы қызметтерін атқарған.
Бағдарлама Амалбек Дәркенұлының сөзіне жазылған «Түркістан жастары» атты әнімен бастау алды. Іс-шара барысында тағылымы мол әңгімелер айтылды. Зияткерлерде жоба қонағына сұрақтар қойып, кері байланыс орнатуда сұхбат жүргізді.
Қызмет жолындағы тәжірибесімен бөлісуде, жастарға қандай мамандық таңдау керектігін, ұлтқа қызмет ету жолында қандай әрекет жасау қажет екендігін баса айтты. Сонымен қатар, кеш қонағының орындауында оқушылардың еңсесін көтеретін өлеңдер оқылды.
Шара соңында, мектеп директоры Балқан Маратұлы бағдарлама қонағына еңбек жолында сәттілік тілеп, зияткерлік мектеп атынан естелік сыйлық сыйлады. Амалбек Өміртай Түркістан NIS-тің зияткерлеріне жаңа идеялар ұсынып, болашақта үлкен белестерді бағындыратынына сенім білдірді.