Жобаның 5 бөлімі өзара тыңдай білу құндылығын түсінуге арналды. Ата-аналар секциясында тренер тыңдай білу құндылығының маңыздылығы отбасы мүшелері өз проблемаларын айтқанда оларды мұқият тыңдау сіздің оларды жақсы көретініңізді көрсететін ең маңызды уақыттардың бірі деп түсіндірді.
Тренингтің қызықты тұсы отбасы бөлімінде «Тимбуктуге аттанамыз» тапсырмасы арқылы жобаға қатысушылар бір қатарға тізіліп, түрлі дыбыстар мен іс-қимыл арқылы белгілі бір көлікті немесе ұшақты көрсетуде мектепті айналып шықты.
Бірнеше психологиялық тренинг орындау барысында ата-аналар мен жасөспірімдер түрлі жағдаяттарды бастан кешіруде эмоцияға берілмей дұрыс әрекет жасауды, бір-бірінің шешіміне құлақ асып, сезімдеріне көңіл аударуды, тыңдай білуді үйренді.