lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱 «Берік отбасы» бағдарламасы жалғасуда
 3 бөлім
 
 
NIS желісіндегі отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған «Берік отбасы» жобасы Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өз жалғасын тапты. Бағдарламаның кезекті үшінші бөлімі «Жақсы тәртібі үшін ынталандыру», «Күйзелісті басқару» тақырыптарына арналды.
 
Бағдарлама әдеттегідей оқушылар мен ата-аналар бөлек кабинеттерде жайғасып, тренинг барысында қос секцияға жауапты тренерлер пен фасилитаторлар нұсқаулығы бойынша ойындарға қатысып тапсырма орындады.
 
Ата-аналар тренингте баланың жасаған жақсы тәртібін марапаттау үшін арнайы ұпайлар кестесін құрды. Кестеге баланың күн сайын өз міндетін дұрыс орындағаны үшін бір ұпайдан беріп отырады. Яғни бұл кестені құрудағы басты мақсат бала тәртібін түзету арқылы арақатынасты нығайту болып табылады. Жасөспірімдер сессиясында оқушылар бір-біріне мақтау айта отырып, күйзелістен шығудың түрлі жолдарын үйренуде бірнеше психологиялық ойындар ойнады. Ал отбасылық тренингте түрлі жағдаяттар баяндалатын видеороликтер көрсетіліп, аптасына бір рет түрлі мәселелерді талқылауда отбасылық жиналыс жасауға тапсырма берілді.
 
Сессия соңында барлығы ата-ана және отбасы ұранын еске түсірді.