Мектеп қабырғасында түрлі үйірмелер мен клубтар өз жұмысын бастады. Соның бірі – NIS TRK радиосы. Оқу ордасы ашылған сәттен бері мектеп директоры Балқан Касимовтың бастамасымен құрылған клуб бүгінде әуе толқынындағы эфирлік жұмысы мың сағаттан асты.
Қазіргі таңда өз жұмысын толыққанды зияткерлер іске асыратын клуб, таңертең мектеп ұжымы мен оқушыларға арнайы бағдарламалар жүргізеді. Соның ішінде, «Құндылықтар декадасына» орай арнайы бағдарламалар эфирге шықты.
Бағдарлама аясында «Қазақтың 100 әні», «Қазақтың 100 күйі» жобаларынан туындыларды тыңдармандарға ұсынады. Дүйсенбі-жұма күндері таңғы ақпараттық-саздық бағдарламалармен қатар, сенбі күндері аптаның айшықты оқиғаларына шолу, әдеби шығармаларға рецензия жасап, оқыған кітаптарынан түйген ойлары мен әсерлерін жеткізуде оқушылармен арнайы сұхбат жүргізуде. Бүгінде радио жұмысының үздіксіз әуе толқынында болуына атсалысқан клуб құрамы:
Шахрух Шакиржанов – дыбыс режиссері
Шұғыла Досыбай – редактор-диктор
Радио жүргізушілері: Шахризада Ильясова, Жәнібек Садуақас, Балауса Ілес, Әлия Мұстафақызы, Сымбат Тұңғышбай, Нұргүл Жарылқап.
Осы орайда зияткерлердің жан-жақты дамуына үлес қосып, қарым-қабілеттерін шыңдап, NIS TRK радиосындағы бағдарламалардың әр түрлі форматта іске асуына атсалысқан клуб жетекшілері Мадина Шилимбетова мен Арслан Атабек радио жұмысының сәтті жүргізілуіне ықпал етуде.