lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱Ұстаздар арасында тартысты өткен «Brain Ring» зияткерлік ойыны

Бүгін Зияткерлік мектебімізде Түркістан қаласындағы жалпы орта мектептерінің ұстаздарымен тәжірбие алмасу мақсатында «Brain Ring» командалық зияткерлік ойыны өтті.

Сайысқа Түркістан қаласының жалпы орта мектептерінен №22 Б.Момышұлы атындағы ЖОМ, №28 мектеп лицейі, № 23 Ж.Ташенов атындағы ІТ мектеп-лицейі, №9 Н.А.Некрасов атындағы ЖОМ, №31 Абай атындағы мектеп гимназиясы, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясы жалпы саны 6 мектеп қатысып, Зияткерлік мектеміздің ұстаздары да ойынға атсалысып, алты командаға бөлініп ойнады.

Ойын барысы 6 кезеңнен, әр кезең 3 раунд бойынша түрлі тақырыптарға оның ішінде тарихи, мәдени, өнер, өлкетану, география, химия, биология мен логикалық сұрақтарға негізделіп өткізілді.

Қызықты әрі тартысқа толы өткен интеллектуалды сайыс қорытындысы бойынша үздік үштік ретінде:
І орын — №22 Б.Момышұлы атындағы ЖОМ,
ІІ орын — №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясы,
ІІІ орын — №28 мектеп лицейі мен №31 Абай атындағы ЖОМ иеленді.
Ойын соңында жүлделі орындарды иеленген және сайысқа белсене атсалысқан командаларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.