lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱«ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ»

1-қазан қарттар күні мерекесіне орай Түркістандағы NIS-тің интернат тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы» тәрбие жобасы аясында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты сенбілік кеші өтті.

Ұрпақтардың өзара достығы, олардың бір-біріне деген пейілі мен көңілі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі – ертеден келген, қанымызға сіңген игі қасиет. Бүгінгі күні өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде заманауи білім берумен қатар, баланың рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастыруда мектептің үлесі орасан зор. NIS жүйесіндегі «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы тәрбие жұмысында осындай мәселенің түйінін тарқатуға бағытталған.

Рухани кеште жатақхана оқушыларының ата-әжелері Қонысбеков Әлімбек атамыз бен Қонысбекова Ұлтуар әжеміз, Ахан Үсен атамыз бен Мүсілім Ұлзия әжеміз және 83 жастағы Әсетова Қызтумас әжеміз қонақ кәде ретінде күй тартып, ән шырқап берді. Жатақхана қабырғасында «Жас аспаз», «Қолөнер», «Шеберлер алаңы» атты үйірмелері жұмыс жасайды. «Жас аспаз» үйірмесінің оқушыларының дайындаған қазақтың ұлттық тағамы «Бешбармақ» ортаға қойылып, осы жатақхана оқушыларының «Шеберлер алаңы» үйірмесінде дайындаған бұйымдары келген қонақтарға тарту етілді.