lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱Қарттарымыз – асыл қазынамыз
 
 
Бүгін Түркістандағы NIS-те 1 қазан қарттар мерекесіне орай зияткерлердің ата-әжелерінің қатысуымен «Қарттарымыз – асыл қазынамыз» атты мәдени әрі рухани кездесу кеші өтті.
 
Жас ұрпаққа әрқашан даналықтың үлгісі болып келе жатқан ата-әжелеріміз бүгінде Зияткерлік мектептің төріне жайғасып, зияткерлерге даналық ойларын айтуда оқушылар өнегесі мол кездесудің куәсі болды.
Рухани кеште құрметті қонақтарға өнерлі оқушылар ән шашу тарту етіп, өмір жолдарында орын алған қызықты әрі әсерлі оқиғаларын бөлісуде тағылымды сұхбат жүргізілді.
 
Қазыналы қарттарымызбен бірге өткізген мәдени шара соңында мектеп директоры Балқан Касимов зияткерлер үшін тәлім-тағылымы мол кездесуден рухани азық алғаны сөзсіз деп сөз сөйлеп кездесудің нүктесін қойды:
Ата-әжелермен кездесу арқылы жас буын үлкен тәлім-тәрбие алары хақ. Қазыналы қарттарымыздың ортамызда жүріп, төрімізде отыруының өзі бір бақыт. Сондықтан балаларға жастайынан үлкендердің қадірін біліп, оларға сый-құрмет көрсетуден аянбауды үйрету маңызды. Сол себепті бүгінгі кездесуімізді өскелең ұрпақтың тәрбиесіне арналып отыр.